«№1 Семей ағаш өндіру зауыты» ЖШС — Қазақстан Республикасында жоғары суға төзімді үлкен форматты шеренің (маркасы ФСФ) жалғыз өндірушісі.
Зауыт құрылысы 2012 жылы 25 қаңтарда басталды, ал 2012 жылдың мамырында зауыт дайын өнімнің бірінші партиясын берді. Орнатылған қондырғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарт талаптарына толық сәйкес келетін, ағаштардың әр түрлі түрлерінен 4 – тен 300 мм дейін қалыңдығы бар жоғары сапалы шерені шығаруға жағдай жасады.
2013 жылы зауытта бұрыннан келе жатқан құрылғыны жаңарту және анағұрлым қуаттылығы жоғары жаңа құрылғыны орнату жұмыстары жүргізілді. Бұл өндірістік қуаттың артуына және шығарып жатқан өнім сапасын арттыру есебінен зауыттың бәсекелестікке қабілеттілігін арттырды.
2015 жылы «№1 Семей ағаш өндіру зауыты» ЖШС ламинацияланған шерені өндіру бойынша заманауи желі пайдалануға жіберілді. Ай сайын шығару көлемі 5 мың текше метрді құрайды. Өндірістің заманауи технологиясы табиғи және химиялық әсер етулерге жоғары төзімділігі бар ламинацияланған шере беттерін жасауға жағдай жасайды.
2017 жылы зауыт өндіргіштігін арттыру мен шығарылатын өнім түрлерін көбейтуге бағытталған бірқатар жұмыстар жасалды.
Қазіргі уақытта зауыт келесі өнім түрлерін шығарады: қайыңды суға төзімді шере (маркасы ФК), қайыңды және қылқанды жоғары су төзімділігіне ие шере (маркасы ФСФ); қайыңды және қылқанды ламинацияланған шере (маркасы ФОФ); қылқанды және жапырақты тұқымдардың пиломатериалы.
Карбамидті-формальдегидті (ФК) желімдермен жабыстырылған шере EN636-1 сәйкес, құрғақ жерлерде пайдалану үшін тағайындалған (W < 65%) және биологиялық беріктіктің бірінші класына сәйкес келеді.
Фенолды-формальдегидті (ФСФ) желімдермен жабыстырылған шере — EN636-2 сәйкес, ылғалды жағдайларда пайдалану үшін тағайындалған (W < 85%) және биологиялық беріктіктің екінші класына сәйкес келеді.
Фенолды-формальдегидті (ФСФ) желімдермен жабыстырылған және ерітінді сіңірілген қағазбен қапталған (ламинацияланған) шере —EN636-3 сәйкес, ашық ауада пайдалану үшін тағайындалған (W > 85%) және биологиялық беріктіктің үшінші класына сәйкес келеді.
Шерелердің барлық түрлері 4 мм – ден 40 мм дейінгі қалыңдықтарда шығарылады. 22 мм асатын қалыңдықтар стандартты сызғыштарға кірмейді, тапсырыс берушімен жеке келісу бойынша жасап шығарылады. Шығарылатын шере форматтары: 1525*1525 мм, 2440*1220 мм және 1220*2440 мм, 2500*1250 мм. Жеке келісімдеу бойынша өзге форматтағы шерелерді жасап шығаруға болады.
Жоғары сапалы фенолоформальдегидті шайырды пайдалану арқылы шығаратын шеренің жоғары су төзімділігіне қол жеткізіледі. Шығарылатын өнімнің шикізаты қылқанды (қарағай) және жапырақты (қайың) тұқымдардың таңдаулы ағаштары болып табылады, олар Шығыс – Қазақстан облысының ормандарынан жеткізіледі.
Білікті және техникалық сауатты қызметкерлер – зауытымыздың бәсекелестік артықшылығымыз болып табылады. Шығарылатын өнімнің жоғары сапасы оны кең спектрде пайдалануға мүмкіндік береді. Біздің өнім құрылыс, жиһаз өндірісі, автокөлік құрастыру, кеме құрастыру, вагон құрастыру және т.с.с. салаларда қолданылады. Сонымен бірге шерені интерьер және экстерьер ретінде, сонымен қатар қаптама материалы ретінде қолданады.